Шағын футболдан Yessenov Univeristy командасының жеңісі

Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы мемлекеттік мекемесі қала күніне орай жастарды қоғамдық өмірге тарту, спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өңірдегі жоғары жəне арнайы техникалық оқу орындары білім алушылары арасында шағын футболдан жарыс өткізді. Жарысқа қатысқан 15 команда арасынан Yessenov University командасы оқ бойы озық шығып, жүлделі I орынды иемденді. Жеңімпаздарға жеңістеріңіз құтты болсын дей келе, ойыншыларды баптаған бапкері Дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Б.Бахтеновке алғысымызды білдіреміз.