Жоба бойынша атқарылған ғылыми – зерттеу жұмыстары

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің  2023-2025ж. гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылатын AP19679430 “Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану” тақырыбындағы ғылыми жобаның 2024 жылғы ғылыми–зерттеу жұмысын жүзеге асыру қажеттілігімен байланысты жобаның қаржылық негіздемесіне сәйкес зерттеу тобының мүшелері “Мұнайхимиялық инжиниринг” кафедрасының техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Жолбасарова Акшырын Тангалиевна, Баямирова Рыскол Умаровна, Тогашева Алия Ризабековна 25-30.11.2024ж. аралығында Стамбул техникалық университетіне (Турция, Стамбул қ.) іссапарға барды. Негізгі мақсат «Полимерді және әртүрлі технологияларды қолдану арқылы мұнай өндіруді жақсарту» оқу-ғылыми семинарына қатысу, ғылыми-тәжірибелермен  алмасу.

Жобаның зерттеу тобы мүшелері семинарға қатысып, Қазақстандық ғылыми ізденістердің талаптары мен құжаттық рәсімдерімен бөлісті. Ыстамбұл техникалық университеті әлемдегі ең көне үшінші инженерлік университет болып табылады. Университетте 39 бакалавриат және 144 магистратура бағдарламасы, 13 колледж, 346 зертхана және 12 ғылыми орталық бар.

Ғылыми жобаның зерттеу тобы мүшелері Ыстамбұл техникалық университетінің «Мұнай және табиғи газ инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі, PhD, профессор Чинар Мұрат пен PhD, кафедра профессоры  Омер Инанч Турейнмен кездесіп, мұнай бергіштікті арттыру зертханаларында болып, ғылыми мақалалар даярлауға әзірлемелерді талқылады, сонымен қатар ғылыми жоба аясында пікір алмасты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025ж. гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылатын AP19679430 Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану тақырыбындағы ғылыми жобаның 2024 жылғы ғылыми–зерттеу жұмысын жүзеге асыру қажеттілігімен байланысты жобаның қаржылық негіздемесіне сәйкес зерттеу тобының мүшелері Мұнайхимиялық инжиниринг” кафедрасының техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Жолбасарова Акшырын Тангалиевна, Баямирова Рыскол Умаровна, Тогашева Алия Ризабековна, Табылғанов Максат Токсанич 04-09.11.2024ж. аралығында Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетіне (Өзбекстан, Ташкент қ.) іссапарға барды. Негізгі мақсат ғылыми-тәжірибелермен алмасып, жаңаша технологиялармен танысу болды. Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің жетістіктері кең және көптеген бағыттарды қамтиды, «Мұнай-газ ісі» кафедрасы Өзбекстан мен Орталық Азияның мұнай-газ саласы үшін мамандар даярлау саласындағы жетекші бөлімшелердің бірі болып табылады. Кафедра көмірсутектерді өңдеуді, өндіруді және қайта өңдеуді қоса алғанда, мұнай-газ саласының өзекті міндеттерін шешуге қабілетті жоғары білікті инженерлерді, технологтарды және зерттеушілерді дайындайды. Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын
қолдану” тақырыбындағы ғылыми жобаның зерттеу тобы мұнай бергіштікті арттыру және тау жынысының өткізгіштігі бойынша зертханаларда болып, алдаға ғылыми мақалалар екі жақты ғалымдардың қатысуымен даярлауға әзірлемелерді талқылады.

АР19679430 «Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану» жобасының зерттеу тобының мүшелері Садуакасов Д.С., Гусманова А.Г., Баямирова Р.У., Сарбопеева М.Д жоба жоспарының іс-сапары аясында Алматы қаласында өткен II Халықаралық мұнайгаз саммитіне/ Қазақстан қатысты.

Саммитке жоғары басшылық, орта менеджмент, мұнай-газ компанияларының негізгі департаменттері мен техникалық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен сараптамалық қоғамдастық пен сервистік компаниялардың өкілдері қатысты. Іскерлік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының даму үрдістері; мұнай мен газды өндіруден бастап өңдеуге дейін: жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер; мұнай-газ компанияларындағы цифрлық технологиялар; мұнай-газ компанияларының қауіпсіздігі мәселелері қаралды.

Сарапшылар арасында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті «Энергетика және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, жобаның зерттеу тобының мүшесі, ғылыми қызметкер Садуақасов Данабек Салдырұлы бас спикерлер қатарында болып, өз үлесін қосты, ғылым мен оқыту үрдісіне байланысты ұсыныстарын айтты. Садуакасов Д.С. өз баяндамасында Мұнай-газ саласының ерекше проблемаларын шешуге елдің ғылыми қоғамдастығының манызын және жоғары ғылыми-техникалық комиссияның өткен отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттары айқындады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024-2026 жылдарға арналған ғылымды дамытудың алты басым бағыты әзірленгенін хабарлады. Оларды дайындау кезінде халықаралық тәжірибе ескерілді. Мемлекеттің ғылыми жұртшылыққа қоятын негізгі міндеттерінің бірі экономиканың нақты секторының проблемаларын шешу болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, отандық бюджет қаражатының едәуір үлесі мұнай-газ саласы есебінен қалыптасады. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы соңғы өзгерістер мұнай-газ саласының тиімділігін арттыруға бағытталған; сонымен бірге, оның ішінде ғылыми-техникалық сипаттағы бірқатар проблемаларын атады. Біздің зерттеу тобымыз Маңғыстау өңіріндегі мұнай-газ саласының проблемаларын шешуге бағытталған ғылыми жобамен белсенді жұмыс істеуде. Бұл жоба бойынша біздің алғашқы ғылыми іс-сапарымыз II Халықаралық мұнайгаз саммиті/ Қазақстан ғылыми іс-сапармен тұспа-тұс келді, онда біз ғылыми мақсаттар мен міндеттерді ілгерілете аламыз.

Бүгін 04.10.2023ж., Yessenov University ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру бойынша «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының «Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану» тақырыбындағы жобасының орындаушыларының кезекті жұмыстық жиналысы өтті.

Ағынды ауытқу технологияларын қолдана отырып, мұнай қабатына әсер ету технологиясын әзірлеу нәтижесінде қалыптан тыс қасиеттері бар және көмірсутек шикізатының алынуы қиын қорлары бар кен орындарында мұнай өндіруді қолдау және тұрақтандыру қабілеті артады. Күтілетін нәтижелердің әлеуетті тұтынушылары: мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар мен «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының білімберу бағдарламаларына сәйкес білімалушылар, студенттер, магистранттар және PhD докторанттар. Осы жоба аясында алынатын зертханалық құралдар мен жабдықтарды нақтылау сұрақтары талданды. Есенов университетінің бірігіп оқу үрдісін, ғылыми зерттеу ізденістерін жүргізетін ҚазҒЗХИмұнайгаз қызметкерлерімен біріге отырып, талдау жасалды. Негізгі мақсат бұған дейінгі қалыптасқан зертханалық базаны жаңа, тиімді замауи құралмен толықтыру және зертханада жасалатын жүйені жалғастыру.

АР19679430 «Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану» жобасының жетекшісі Жолбасарова А.Т., зерттеу тобының мүшелері Садуакасов Д.С., Табылғанов М.Т. жоба жоспарының шетелдік іс-сапары аясында ағымдағы жылдың 8-9 желтоқсанында Стамбул қаласында, Турция өткен ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАДАҒЫ СОҢҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА (ICRAET-2023) / INTERNATIONAL CONFERENCE ON RECENT ADVANCE IN ENGINEERING AND TECHNOLOGY (ICRAET-2023) қатысты.

Бұл жоба бойынша біздің алғашқы шетелдік ғылыми іс-сапарымызда инженерия және технологиялар саладағы соңғы жетістіктерге арналған халықаралық конференцияға қатысып, мұнайгаз өндіру саласының соңғы сатыларда игеріліп жатқан кенорындарда мұнайбергіштікті арттыру бойынша тың ақпараттар алдық. Конференция қатысушысы ретінде зерттеу тобының әр бір мүшесі сертификат иеленді. Сонымен қатар осы іс сапар аясында зерттеу тобының мүшелері Стамбул техникалық университетінде (ITU) болып, профессорлық оқытушылар құрамымен танысып, пікір алмасып, университеттің материалдық базасымен, атап айтқанда тау кен инжинирия оқу және ғылыми зертханаларымен танысты. Қабат сұйықтары мен физикасы зертханасымен, Бұрғылау сұйықтығын зерттеу, Кенорынды модельдеу зертханасымен және бағдарламалық қамтылуларымен таныстырды. «Мұнай және табиғи газ тау кен ісі» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Омер Инанч Тюрейенмен кездесу барысында алдағы ғылыми бірлестік жұмыстары талқыланып, келіссөздер жүргізілді. Аталған университетпен және Есенов университеті арасында ғылыми зерттеу жұмыстарын толық қанды жүргізіп, қабаттардың мұнай беруін арттыру бағытында онлайн режимде кездесу жүргізу, сонымен қатар халықаралық бөлім арқылы меморандум жасақтау келісілді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025ж. гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылатын AP19679430 "Маңғыстау өңірі жағдайында қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін ағынды ауытқыту технологияларын қолдану" тақырыбындағы ғылыми жобаның 2023 жылғы ғылыми--зерттеу жұмысын жүзеге асыру қажеттілігімен байланысты жобаның қаржылық негіздемесіне сәйкес «Global Save Pharma» ЖШС директоры Н.С. Нурпейсов зертханалық қондырғыны жеткізді.

Анализатор сусымалы материалдарды кезеңдік режимде ірілік кластары бойынша елеуге арналған. Анализатор электромеханикалық жетегі немесе электромагниттік жетегі бар діріл жабдығына жатады. Бұл зертханалық құралдың көмегімен тау жыныстарының  анализаторлары сынама дайындау процесінде гранулометриялық құрамды анықтауға арналған. Белгілі бір амплитудасы бар жоғары жиілікті әсерді тудыратын элемент діріл жетегі болып табылады; атқарушы орган-бөлшектердің үлкендігі кластарын анықтауға қойылатын талаптарға сүйене отырып қалыптасқан табақшасы мен қақпағы бар електер жиынтығы.