Жоба бойынша атқарылған ғылыми – зерттеу жұмыстары

Шектеулі кеңістіктік орын ауыстыру жағдайындағы жануарлардың тығыз динамикалық тобының жай-күйі мен белсенділігінің белгілерін инвазивті емес талдау кезінде қолданылатын және қолдануға болатын қолданыстағы шешімдер мен технологияларға талдау жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларының жай-күйі мен күтімін мониторингілеу және мал шаруашылығын басқару үшін техникалық көрудің зияткерлік жүйесін құруға тұжырымдамалық тәсілдер әзірленді.

Жануарлардың жай-күйін объективті талдаудың 11 басым технологиялық параметрлері анықталды: ақсақтық; қозғалыс үйлестіруінің бұзылуы; қозғалыс жылдамдығының өзгеруі; қозғалыс асимметриясы; демалу немесе ұйықтау уақыты; күндізгі қозғалыс белсенділігі; тамақтану белсенділігін талдау; тамақтану жиілігі мен ұзақтығы; ұзақтығы арқылы тұтынылатын жем мен судың көлемі; “аң аулау”үлгісін анықтау.