Жоба бойынша атқарылған ғылыми – зерттеу жұмыстары

Ақтау, Құрық және Ерсай порттары ауданында Каспий теңізі бетінің мұнаймен ластануын зерттеу үшін 2013-2022 жылдар кезеңінде Еуропалық ғарыш агенттігіне тиесілі Sentinel-1 спутниктік тобының синтезделген апертурасы бар радарлардың көмегімен алынған радиолокациялық деректердің мұрағаты іріктелді.

Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми мақала ecologica Montenegrina-да онлайн жарияланды. Міне сілтеме:

https://www.biotaxa.org/em/article/view/86193

 Мақалада әрбір мұнай дақтарының спутниктік суреттері, сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары келтірілген.

. STCS жүйесінде 3700-ден астам радиолокациялық бейнелерден тұратын уақыт қатарларының архивтері талданды

Каспий теңізі деңгейінің маусымдық және жылдық өзгергіштігінің сипаттамалары жасалды. STCS жүйесінде 3700-ден астам радиолокациялық бейнелерден тұратын уақыт қатарларының архивтері талданды. Әрбір сурет мұнайдың ластануы ретінде анықталуы мүмкін радиолокациялық сигнал деңгейі төмен қараңғы аймақтарды анықтау үшін талдау жасалды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, жағалау аймағы бойындағы далалық экспедициялар барысында Ақтау, Құрық порттарының маңында мұнайдың ластануы мен теңіз суының басқа химиялық заттармен ластануын заттай өлшеу жүргізілді.

Су құрамын анықтау бойынша физика-химиялық талдаулар жүргізу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 KZ Т. 13. 1531.аккредиттеу аттестатына сәйкес аккредиттелген “Тандем-Эко” ЖШС сынақ зертханаларының қызметтері пайдаланылды.