ұлттық, мемлекеттік, әскери-қорғаныс кітапхана, мұражай қорларынан, мұрағаттарынан, сондай-ақ, әлемдік электрондық ақпарат көздерінен тақырыпқа сәйкес материалдар мен ғылыми ақпараттар жиналды. Әлемдік топонимтанудағы жетістіктерге, озық әдістемелерге талдау жасалды.
Әлемдік топонимтану бағытында соңғы 5 жыл аралығындағы танымал авторлардың дәстүрлі, типологиялық бағыттарымен қатар заманауи зерттеу концепциялары талданды. Маңғыстау топонимдерінің жасалуындағы діни, тарихи, теологиялық, саяси аспектілер қарастырылды. Ежелгі викинг дәуірінің микротопонимдерінің қалыптасуын зерттеу әдістері арқылы Маңғыстау топонимдеріндегі екіншілік (бір атаумен аталатын тау, сай, құдық, елді мекендер) үрдісі анықталды.
Маңғыстау жер-су атауларының біршама толықтырылған базасы жинақталды, танымал емес топонимдер анықталды, түрлі блоктар бойынша жүйеленді; XIX ғасырда Маңғыстауға жүргізілген түрлі экспедиция материалдарын, көне карталарды зерттеу барысында 350 тарихи топоним анықталып, типологиялық классификация жасалды, 246 тарихи топоним тізбеге алынып, қосымша деректерімен тіркелді.
Маңғыстаудың мыңдаған жылдық тарихы бар топономастикалық деректерінен әр түрлі кезеңдердің мәдениет қабаттарын, көне және ортағасырлық этностардың тілдік субстраттарын, әдет-ғұрып, дәстүрлерін аршып алып, көрсету, осы өлкеде іздері сақталған сауда жолдарының, бекеттері мен айлақтарының жаңғыртпасын жасау, Еуразиялық діни-конфессиялық және дүниетанымдық түсініктердің даму кезеңдерін анықтау бағытында зерттеу жүргізілуде. Маңғыстау облысының Түркіменстанмен шекаралас аймағына далалық экспедиция жасалды, тарихи киелі топонимдер орналасқан кеңістік зерттелді. Темір баба, Қырық қыз, Ожабай-Тамды, Көгесем тарихи топонимдерінің көне арийлік, оғыздық, ноғайлық тілдік субстраттармен байланысы қарастырылды, атауларға қатысты тарихи-мәдени, этнографиялық, фольклорлық ақпараттар анықталды. Экспедиция барысында Ожабай шағын таңбалы тасы анықталып, тіркеуге алынды.
Маңғыстау топоареалындағы діни топонимдердің семантикасы, пайда болу үдерісі алғаш рет тернарлы (үштағанды) ономасология және когнитивті матрица әдісімен зерттелді.