«Экономика және құқық» факультетінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында профессорлық-оқытушылар құрамы тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасуда.
Өзара тәжірибе алмасу мақсатында, «Құқықтану» кафедрасынан заң ғылымдарының кандидаты, доцент Серікқали Алибеков Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттеріне «ҚР қылмыстық құқығы», «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндерінен дәрістер оқуға, сонымен қатар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мен мақалалар жариялау мәселелерін талқылауға барды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген профессор Соледад Дюсебалиева мен доцент Жанна Шаяхметова «Құқықтану» мамандығының 2, 3 курс студенттеріне «ҚР қылмыстық құқығы», «Криминология», «Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстар», «ҚР конституциялық құқығы», «Қазақстанның саяси және құқықтық ілімдер тарихы» пәндері бойынша дәрістер жүргізуде.
Сонымен қатар, үздік тәжірибемен және кәсібидағдылармен алмасу мақсатында доцент Жанна Шаяхметова Penal Reform International халықаралық жобасы аясында «Түрме реформасы: жазасын өтегендерді қайта әлеуметтендіру, өлім жазасы және азаптауды алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастырумен өткізілген ғылыми семинарда Соледад Дюсебалиева «Қазақстандық қоғамда құқықтық сананы дамыту құқықтық мемлекеттік жетілдірудің рухани құралы» тақырыбында баяндама жасады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі аталған университеттер арасындағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми бағытта бірлескен іс-шаралар өткізуге мол мүмкіндіктер беретіндігін байқауға болады.