26 наурыз күні Yessenov University-де «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: отандық және шетелдік университеттердің тәжірибесі» тақырыбы бойынша іс-шара өтті.
Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы, «М.Әуезов атындағы ОҚУ» Ке АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Дулатова Гүлбақыт Сейсенбекқызы, «Х.Досмұхамедов атындағы АУ» Ке АҚ Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Мухамедина Асел Егенбаевна, шетелдік университет өкілдерінен «Abdul Wali Khan» университетінің саясаттану пәнінің оқытушысы, PhD докторы Zahid Ullah жәнеYessenov University сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Джолдасбаева Гүлсара Узбековна қатысты.
Қатысушылар 1-3 курс студенттерімен ЖОО-дағы жемқорлық ахуалын анықтап, талдау жасады. Сонымен қатар, үздік идеяларымен бөлісіп, жемқорлықты жою жолдарын қарастырды.