10-11 сәуір күндері Yessenov University-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен отандық және шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге барлығы 50-ге жуық жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты. Соның ішінде Қазақстанда филиалдарын ашқан шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері болды. Олардың қатарында Ұлыбритания, Германия, Польша, Франция, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және басқа елдердің жетекші университеттері бар. Әр оқу орны өз бағдарламаларын, серіктес университеттерін, білім беру бағыттарын және шетелдік диплом алу мүмкіндіктерін таныстырды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев қатысушыларға нысаналы білім беру гранттары туралы кеңінен ақпарат беріп, оның ерекшеліктері мен Маңғыстау өңіріне арналған квота туралы түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Абдисаттарқызы Дидарбекова Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысты өзекті ақпараттармен бөлісті. Ол биылғы ҰБТ форматы, енгізілген өзгерістер, гранттар конкурсына қатысу ережелері туралы толық мәлімет беріп, талапкерлердің құқықтары мен тестілеу барысындағы әділдік қағидаттарын атап өтті.
Шараға 4 мыңнан астап мектеп оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдер белсенді қатысты. Қатысушылар көрме барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей оқу орындарының өкілдеріне қойып, кеңес алды.