«Экономика және құқық» факультетінің «менеджмент» кафедрасында ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының cегізінші міндетін түсіндіру мақсатында жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Жеткізген Досан, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ильджанов Саламат және Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы Қарақойшиев Абзал қатысты.
Мемлекеттік органдардың өкілдері студенттермен тәжірибе алмасып, мемлекеттік қызметтегі соңғы өзгерістер туралы, сондай-ақ оның имиджі туралы ақпарат берді.