Жеңістің су артериясы: 1941–1945 жж. теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің ерлігі

13 мамыр күні Yessenov University-де Каспий теңіз және өзен көлігі институтының (Астрахань қ., РФ) ұйымдастыруымен «Жеңістің су артериясы: 1941–1945 жж. теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің ерлігі» атты дөңгелек үстел өтті. Делегацияны институт директоры Ольга Карташова және Астрахан облысы үкіметінің өкілдері бастап келді.

Іс-шараға ҚР Астрахань қаласындағы Бас консулдығы, Yessenov University вице-президенті А. Сейдалиев, Теңіз академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Университетіміз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, әскери тарихты зерделеуге ерекше мән береді. Біз мұражайлармен, мұрағаттармен және ардагерлер ұйымдарымен бірлесе отырып, тарихи жобалар мен ғылыми-практикалық кездесулер өткіземіз.

Бүгінгі дөңгелек үстел — өткенге құрмет, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара.