Yessenov University-де 26-29 тамыз аралығында оқытушылар мен оқу бағдарламаларын әзірлеушілерді даярлауға бағытталған жасыл сутегі бойынша төрт күндік тренинг өтті. Іс-шараны PtX халықаралық орталығының (Германия) қолдауымен Астанадағы сутегі дипломатиясы кеңсесі ұйымдастырды.
Тренинг профессорларға, университет оқытушыларына және оқу бағдарламаларын әзірлеушілерге жасыл сутегі бойынша курстарды әзірлеу және оқыту үшін қажетті білім мен дағдыларды беруге бағытталған. Бұл Орталық Азияда тұрақты сутегі өнеркәсібін құру жолындағы маңызды қадам.
Тренинг бағдарламасы жасыл сутекті, оны өндіру әдістерін және декарбонизация үшін әртүрлі салаларда практикалық қолдануды терең зерттеуді қамтиды.
Тренингтің лекторы Dr.-Ing. Себастиан Тиммерберг, Гамбург университетінің (HAW Hamburg University) және жаңартылатын энергия және энергия тиімділігі құзыреттілігі орталығының (CC4E) профессоры, өзінің халықаралық жасыл сутегі тәжірибесімен бөлісті.