Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу

11 ақпан күні Yessenov University-де студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Ақтау қаласының прокурорының орынбасары Төретаев Ерғожа Қуанышұлы, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары, полиция майоры Бақтыбай Нұрбол Жиенғалиұлы және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің аға жедел уәкілі Будайшиев Камиль Абдуллаевич қатысты.

100-ге жуық студент қамтылған іс-шарада есірткінің адам денсаулығына тигізетін кері әсері, құқықтық жауапкершілік және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.