Жасанды интеллектіні білім беру процесіне интеграциялау: автоматтандырудан дербестендіруге дейін

2025 жылғы 17 наурызда «Ғылым және технологиялар» факультетінің «Есептеу ғылымдары» кафедрасының доцент көмекшісі Орынбасар Мақсым Айдарбекұлы «Жасанды интеллектіні білім беру процесіне интеграциялау: автоматтандырудан дербестендіруге дейін» тақырыбында курс оқытуға кірісті. Курста профессор-оқытушылар құрамынан тыңдаушылар қатысты.
           Курс мақсаты – жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру процесінің тиімділігі мен дәлдігін арттыру үшін қолдану, сондай-ақ оқытуға икемді, бейімделген және дербестендірілген тәсілдерді енгізу.
           Курс барысында тренер ЖИ-дің білім беру жүйесіндегі рөлі, мүмкіндіктері мен қолдану бағыттары туралы зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Тыңдаушылар білім беру процесін автоматтандыру, дербестендірілген білім беру жүйелерін әзірлеу, педагогикалық практикада ЖИ құралдарын пайдалану, сондай-ақ білім беру саласындағы деректерді талдау сияқты маңызды аспектілермен танысты.
           Тыңдаушылар курс маңыздылығы мен өзектілігін жоғары бағалады. Біздің жоғары оқу орны қазіргі заманғы технологияларды оқу процесінде қолдана отырып, уақытпен бірге алға жылжуда.
            Естеріңізге сала кетейік, Институт үздіксіз білім беру ағымдағы оқу жылында үшінші рет ерекше курс ұйымдастырып отыр.
            Курс қорытындысы бойынша әр тыңдаушы белгіленген үлгідегі сертификаттар алды.