«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕКТЕБІ» ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Департамент басшысы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті қабырғасында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» тыңдаушыларымен кездесті.

Аталған кездесуде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қаматмасыз ету департаментінің басшысы Өмірзақ Есболат Кенғанұлы қатысып жастарға өз тілегін білдірді.

Кездесу мақсаты – болашақ мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тәжірибемен таныстыру, мемлекеттік басқару саласындағы сұрақтарына жауап беру және мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары туралы түсіндірілді.