«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БЕЙНЕСІ – ЖАСТАР!» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

2024 жылғы 5 желтоқсанда Ақтау қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұйымдастыруымен ерекше форум өтті. Форумның мақсаты – жастарды патриотизмге, еңбекқорлыққа тәрбиелеп, білім мен ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру болды. 
Форумға қатысушылар: 
– ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы; 
– Маңғыстау облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Балманова Асель Аманбекқызы; 
– Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің КеАҚ «Бизнес және құқық» факультетінің «Менеджмент» кафедрасның меңгерушісі Саймагамбетова Гаухар Амангелдиевна; 
– Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Курмангалиев Гани Дәулеткерейұлы; 
– Жас мемлекеттік қызметшілер мен өңірлік кадр резервінің мүшелері. 

Форум аясында: 
– Жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру туралы кеңестер; 
– Мемлекеттік қызметтегі мансаптық мүмкіндіктерді талқылау; 
– Білімді жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған бастамалар қарастырылды. 
Форум барысында «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебінің тыңдаушылары арнайы құттықталып, алдағы жылға қойылған жоспарлармен таныстырылды. Сонымен қатар департамент басшысы биылғы жылы университетті бітіруші түлектердің ішінің 15 студентті жас мемлекеттік қызметкер атануымен құттықтап сәттілік тіледі.
Жалынды жастар – еліміздің жарқын болашағы! 
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз және болашақта жаңа жетістіктерге бірге жетеміз деп сенеміз!