Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлымен кездесу

16 тамыз күні Yessenov University-де “DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім беру” тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі аясында Қазақстандық ғалым-математик және мемлекет қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, ҚазКСР және Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 12 және 13-шақырылымдарының депутаты, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлымен кездесу өтті.

Кездесуге аудан, қала мектептерінің мұғалімдері, математика жанашырлары, облыстық математика пәні мұғалімдері қауымдастығының белсенді мүшелері келді. Кездесуде облыс көлемінде жүйелі жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстырып, сұрақтарын жолдап, пікірлесті.