Yessenov University Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде ТОП 300-ге кірді

12 маусым күні Times Higher Education Impact Rankings 2024 рейтингінде әлем бойынша 1963 университеттің БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсаттары (17 SDGs) бойынша рейтинг нәтижелері жарияланды.

Биылғы рейтингде Yessenov University басты 3 ТДМ (SDG 12, SDG 13, SDG 14)бойынша ТОП 300-ге, сонымен қатар 4 ТДМ (SDG 2, SDG 6, SDG 7, SDG 9) бойынша ТОП 400-ге кірді. Жалпы, өткен жылға қарағанда барлық 17 ТДМ (17 SDGs) YU орта есеппен 72% ке өскен. Осының нәтижесінде 1001+ көш бастап тұр.

Times Higher Education Impact Рейтині ЖОО-ын Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты Даму Мақсаттарына (17 SDGs) сәйкес бағалайтын жалғыз жаһандық көрсеткіштер жүйесі. Барлық 17 ТДМ аясында ЖОО-ның зерттеу, басқару, оқыту, басқа елдермен ынтымақтастық, озық тәжірибелерді ілгерілету және деректерді жариялау белсенділігі бағаланады.
Times Higher Education Impact халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша, Yessenov University әлемдік университеттер арасында өз позициясын анағұрлым жақсартты. Атап айтқанда,
«SDG 12 – Жауапты тұтыну және өндіріс»,
«SDG 13 – Климаттың өзгеруімен күрес»,
«SDG 14 – Теңіз экожүйелерін сақтау индикаторлары бойынша ТОП 301-400 орынды иеленді.
Сонымен қатар,
«SDG 2 – Аштықты жою»,
«SDG 6 – Таза су және санитария»,
«SDG 7 – Таза энергия»,
«SDG 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфроқұрылымдар» бойынша ТОП 401-600 университеттер қатарына кірді
Yessenov University ұжымы мен студенттерін жаһандықтанылуымен құттықтаймыз!
Well done to YU team!
For YU Rankings visit: https://yu.edu.kz/sustainable-development/