Yessenov University TEDx: Саналы ұрпақ – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ.

3 желтоқсан күні Yessenov University-де «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Саналы ұрпақ – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында TEDx форматында спикерлер қатысуымен кездесу өтті. TEDx — бұл жергілікті қоғамдастыққа арнап ұйымдастырылатын, TED Talk форматына сай ойға толы қысқа баяндамалар мен әсерлі перформанстар ұсынылатын алаң.

 

Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қауіпсіз қоғам қалыптастыру мәселелерін талқылауға бағытталды.

 

Yessenov TEDx спикерлері:

Сәкен Самет – Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары;

Тоқтамыс Жұмағұлов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы;

Асылан Кужиев – адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі;

Ақылбек Зиноллин – өңірлік полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел өкілі;

Құралбек Гайбуллаев – киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел өкілі;

 

Бұл диалог қоғамның тұтас дамуына ықпал ететін ортақ жауапкершілікті тағы бір мәрте айқындады. ✨