Yessenov University РМРС куәландыруынан сәтті өтті

Өңірімізде Каспий теңізінің болуы әртүрлі салалардағы, соның ішінде теңіз көлігі үшін мамандардың кадрлық қажеттілігін айқындайды. Yessenov University – Қазақстанның батыс өңіріндегі көпсалалы университет.
 
Қазақстан Республикасының су көлігі саласы үшін білікті мамандарды даярлау мақсатында 2018 жылы университетте Теңіз академиясы құрылды.
 
Теңіз академиясы мен оқу-жаттығу орталығы құрылғаннан бері басты міндет қойылды – бұл Ресейдің кеме қатынасы теңіз регистрі (РМРС) атынан теңіз біліктілік қоғамының куәландыруынан өту.
 
Осы сәттен бастап теңіз мамандарын даярлауға байланысты қызметті Қазақстан Республикасының халықаралық және Ұлттық талаптарына сәйкес келтіру мақсатында университетте де, теңіз академиясында да әртүрлі бағыттар бойынша көп еңбекті қажет ететін жұмыс басталды.
 
Куәландырудан өтудің қорытынды брифингінде РМРС өкілі А. В. Ежов тексерілетін процестерге және куәландыру туралы қорытынды актіде көрсетілген куәландыру барысына жоғары баға берді.
 
Аталған куәландыру университетімізге қандай мүмкіндіктер беретінін түсіну өте маңызды:
1. Yessenov University Теңіз академиясында теңіз мамандарын даярлау сапасының білім беру және стандарттар жүйесін ұйымдастыру халықаралық талаптарға сәйкес келеді;
2. Конвенциялық мамандықтар бойынша командалық құрамның тиісті лауазымының кәсіби (жұмыс) дипломын алу;
3. Конвенциялық мамандықтар бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
 
Yessenov University ұжымы мен студенттерін осы маңызды оқиғамен құттықтаймыз! Ендігі мақсат – халықаралық сертификаттау және Еуропалық DNV GL-де танылу!