Yessenov University «Green Transportation Initiatives» аясында экологиялық инфрақұрылымды дамытуды қолдауда
«Таза Қазақстан» 2024-2029 жылдарға арналған экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында Yessenov University жасыл көлік түрлерін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды бастады.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрмұхан Асхат Қазыбекұлының мәліметінше, Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №29/315 шешіміне сәйкес қаладағы қоғамдық көлік жолақысы 70 теңге мөлшерінде бекітіліп, бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз сақталып келеді. Бұл тариф республикадағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болып саналады.
Осыған орай, Yessenov University экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып, жастардың көлік пайдаланудағы дағдыларын өзгертуге бағытталған нақты жобаларды қолға алды. 2024 жылдың желтоқсан айында университет «Студенттер саябағында» ұзындығы 786 метр велосипед жолын, тұрақ және жаяу жүргіншілер жолдарын салып, студенттер мен қала тұрғындарының игілігіне ұсынды.
Бұл бастама жастарды қоғамдық көлікті тиімді пайдалануға, велосипед пен жаяу жүруді әдетке айналдыруға ынталандырып, Ақтаудағы жасыл әрі қолайлы қалалық орта қалыптастыруға жол ашады.