Yessenov University студенттері мен қызметкерлері үшін жаңа «YU Otinish» электронды жүйесі іске қосылды. Бұл инновациялық платформа университет қауымдастығына оқу процесі, инфрақұрылым, қызмет көрсету сапасы және басқа да мәселелер бойынша өз ұсыныстарын немесе шағымдарын тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.
Жүйенің басты артықшылықтары:
* Анонимдылық – қалаған жағдайда өтінішті аты-жөнін көрсетпей жіберу мүмкіндігі
* Кең қолжетімділік – кез келген құрылғыдан веб-сайт және мобильді қосымша арқылы қол жеткізу
* Автоматты бағыттау – өтініштер бірден тиісті бөлім басшыларына жолданады
Жүйеге кіру: otinish.yu.edu.kz
Сондай-ақ, id.yu.edu.kz жүйесінің басты бетінде арнайы батырма арқылы да қол жеткізуге болады.
Бұл бастама университеттің ашықтық, студент-орталықтылық және пікірді ескеру қағидаттарын күшейтіп, әрбір студент пен қызметкердің даусын естуге бағытталған.