Yessenov data lab

Құрметті білім алушылар!

 

         Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры Университет студенттерін Yessenov data Lab бағдарламасына қатысуға шақырады.

 

         Бағдарламаның мақсаты – жас ғалымдардың осы бағытта одан әрі дербес дамуы үшін қажетті үлкен деректермен жұмыс істеу саласындағы дағдыларын дамыту.

 

         Yessenov Data Lab 2023 – бұл қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларына нақты практикалық жұмыстарда үйрету, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 4 апталық онлайн-интенсив.

         Өтетін күні: 12 маусым – 8 шілде 2023.

         Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2023 жылғы 10 наурыздан 11 сәуірге дейін.

         Қордың сайтында yessenovfoundation.org өтінімді толтыру және келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі;
  2. Транскрипт (барлық семестрлер) немесе бакалавриатты бітіргені туралы дипломның бағалары бар көшірмесі (магистранттар мен мамандар үшін);
  3. «Мен деректерді талдауды үйренгім келеді» тақырыбындағы эссе (7 сөйлемнен кем емес және 750 сөзден артық емес);
  4. Түйіндеме;
  5. Үміткердің ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін және/немесе белгілі бір ғылыми салада білдірілген мүдделерін көрсететін Портфолио және тиісті растауларды ұсыну: меншікті ғылыми мақалалар, материалдар, қандай да бір зерттеулердің нәтижелері және т.б.;
  6. Ағылшын тілін меңгергенін растайтын Сертификат (бар болған жағдайда).

 

 

Бағдарламаға және (немесе) ережеге қатысты барлық мәселелер бойынша Қор тарапынан уәкілетті тұлғаға келесі байланыстар бойынша жүгінуге болады:

– Григорий Ли: grigoriy.l@yessenovfoundation.org  , телефон: +7 705 888 5788;

– Ирина Грищенко: irina.g@yessenovfoundation.org , телефон: +7 771 775 1815.