Wiley тегін вебинарларына қосылуға шақырамыз

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

 

Wiley ресурстарына орталықтандырылған жазылу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арналған жобасы аясында ұйымдастырылды.

Сіздерге ғылыми мақалаларын жариялау процесі туралы білімін жетілдіргісі келетін зерттеушілерге арналған модульдік оқыту бағдарламасы – Wiley Researcher Academy-ге қосылу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз.

Платформада мақалаларды жариялау дағдылары бойынша шамамен 25 академиялық сағаттық бейне материалды қамтитын 15 онлайн академиялық жазу және мақала жариялау курстары бар.

Курстар категорияларға бөлінеді:

  • Зерттеушілерге арналған оқыту алгоритмі
  • PhD докторанттарына арналған оқу алгоритмі
  • Қолжазбаны жазу және тапсыру процесі

 

Сіздерді 2024 жылдың 3,4,10 және 11 шілдесінде болатын Wiley тегін вебинарларына қосылуға шақырамыз!!!

Платформаға толық қол жеткізу үшін https://www.wileyresearcheracademy.com/p/kazakhstan  сілтемесі арқылы тіркелу керек.

 

Құрметпен, Есенов университетінің кітапханасы