25 желтоқсан күні Yessenov University мен «КазАзот» АҚ басшылығы екі жақты келісімдерді одан әрі дамыту мақсатында зауыт аумағында кездесуі өтті.
Кездесу барысында зауытқа қажетті кадрлар дайындау, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және шарттық ғылыми-зерттеу жобаларын орындау және оны коммерциализациялау мәселелері қарастырылды. Өткізілген кездесу нәтижесінде барлық қаралған мәселелер бойынша бірлескен екі жақты даму жол картасын жасақтау келісімдерге қол жеткізілді.