5 наурыз күні университеттің бас ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т. Жұмағұловпен кездесу өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары, жастардың қызметке орналасу мүмкіндіктері, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар талқыланды.
Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, сала маманынан нақты жауаптар алды.
Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасатын болады!