«UNIVERSITY – NEW OPPORTUNITIES FOR GRADUATES»

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында департамент басшысы «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебі туралы түсіндіріп, оған қалай оқуға түсуге болатыны жөнінде айтты. Студенттер өздеріне қатысты сұрақтарын қойып, толық жауап алды.