Белгілі болғандай, 2024 жылдың 7 қазанынан бастап Үздіксіз білім беру институтында педагогикалық емес мамандықтар үшін қайта даярлау курсы басталды. 6 айлық оқу курсына келесі бағыттар бойынша модульдер кіреді: негізгі пәндер, педагогикалық құзыреттер, педагогикалық шеберлік және педагогикалық практика.
Қайта даярлау бағдарламалары қосымша білім, дағдылар мен машықтарды меңгеруге бағытталған, ол білім беру бағдарламаларының аясында жеке пәндер, ғылым, техника және технология салаларынан қажетті білімдер мен дағдыларды қамтиды, олар жаңа кәсіби қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажет.
Қазіргі уақытта тыңдаушылар келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқытылуда: 6В01705 – «Шет тілі: екі шет тілі», 6В01503 – «Информатика» және 6В01502 – «Физика».
Курстарды жоғары білікті тренерлер жүргізуде: педагогика ғылымдарының магистры Ж.А.Тәжібиева; «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Э.У.Сағындыкова; «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, дефектолог Г.М.Жолдыбаева; «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының профессорының ассистенті Г.О.Урбисинова; педагогика ғылымдарының магистры Ж.Б.Бекенжан; «Педагогика» кафедрасының профессорының ассистенті М.Б.Қабақова; шет тілдер магистры М.С.Жақыпбекова; «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының профессоры Э.А.Абдыкеримова және «Негізгі ғылымдар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры К.Б.Бижанова.
Курс педагогикалық практикамен аяқталады. Болашақ педагогтер мектептерде балалармен уақыт өткізіп, сыныптан тыс шаралар, байқаулар мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыруда.
Қайта даярлау курстарын аяқтаған соң тыңдаушыларға ұлттық үлгідегі сертификат беріледі.