“Бизнес және құқық” факультетінің «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының «Достық» клубының студентері Алғыс айту күніне орай “Часон” этно-мәдени бірлестігінің директорының орынбасары В.Я. Цоймен кездесті.
Кездесу «Толеранттылық-Қазақстан патриотизмінің негізі ретінде» тақырыбында өтті. Кездесу барысында В.Я. Цой корей халқының тарихы мен Қазақстандағы кәріс ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрі, кәрістердің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, қазақ халқына өз алғысын білдірді. Презентацияның мақсаты: студенттердің Қазақстандағы ұлт өкілдерінің мәдениетіне құрмет көрсету, дәріптеу, толеранттылық және патриотизмді қалыптастыру.