7 қыркүйек күні университет Президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы «Теңіз академиясы» мен «Бизнес және құқық» факультетінің бірінші курс студенттерімен кездесіп, «Жоғары білімнің заманауи сын-қатерлері» атты кіріспе дәрісін оқыды.
Кездесу барысында қос факультет студенттері белсенділік танытып, өздерін қызықтырған спорт секциялары, шығармашылық үйірмелер, қос дипломды бағдарлама, Теңіз академиясының киім арнайы формасы туралы сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.