16 сәуір күні Yessenov University-де Ғылым апталығы аясында Mangystau Hub қолдауымен облыстық деңгейдегі TechScienceHackathon байқауы ұйымдастырылды.
Хакатонның басты мақсаты — өңір жастарының ақпараттық технологиялар саласындағы әлеуетін ашу, оларды өңірлік өзекті мәселелерге инновациялық ІТ-шешімдер ұсынуға ынталандыру, сондай-ақ талантты жас мамандарды қолдау арқылы Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.
Байқауға алғашқы іріктеу кезеңінен өткен 20 үздік жоба қатысты. Қатысушылар хакатон барысында өз ІТ-жобаларын әзірлеп, кәсіби сарапшылардан құралған қазылар алқасының бағалауынан өтті. Үздік деп танылған жобалар арнайы дипломдармен және марапаттармен марапатталады.