12 ақпан күні Yessenov University-де Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының ұйымдастыруымен студенттермен арнайы кездесу өтті.
Кездесудің ашылуында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбеков Асқар Сәкенұлы және Yessenov University атқарушы вице-президенті Нұрмағанбет Ермек Талантұлы сөз сөйледі. Шараның негізгі спикерлері қатарында экологиялық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетіп жүрген Әділбек Мұстажебұлы, Кирилл Осин және Бақытгүл Жақсылықова болды.
Кездесуден кейін студенттер университет аумағындағы жылыжайға барып, жапондық софора ағашының тұқымын отырғызды. Маңғыстау тәжірибелік ботаника бағының директоры Ақжүніс Иманбаеваның айтуынша, бұл бастама аймақтың экологиялық тұрақтылығын жақсартуға және студенттердің табиғатты қорғауға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.