20 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен талантты арулардың «Қыз сыны» байқауы өтті. Байқауға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттер қатысты.
Шара мақсаты – студенттердің ұйымдастырушылдық, шығармашылық, жаңашылдық қабілеттерін дамыту. Студенттердің дайындықтары жоғары деңгейде болды. Олар әдемі ұлттық киімдермен өздерінің шығармашылық қабілеттері мен білімін танытты.
Қазылар алқасының шешімімен 1-орын 2-курс студенті Хадиша Көптілеуоваға, 2-орын 1-курс студенті Алина Дауреноваға және 3-орын 2-курс студенті Айнаш Конусоваға берілді. «Көреремен көзайымы» аталымы бойынша 2-курс студенті Балзира Әзімова жеңімпаз атанды. Шара соңында қатысушылар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.