“Педагогика” факультетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, “Тәуелсіздік – жырым менің мәңгілік” тақырыбында облыстық «Жыр жебе» ақындар мектебімен бірлесіп жас ақындар айтысын өткізді. Ақындар айтысының мақсаты – ата-бабаларымыздың табан ақы, маңдай терімен, найзаның ұшы, білектің күшімен келген Тәуелсіздігімізді жырға қосып, ұрпақ бойында елге, ұлтқа, туған топыраққа деген патриоттық сезімді орнықтыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Айтысқа үш жұп қатысты, олардың әрқайсысы өз мақамымен, шеберлігімен көрермен жүрегінен орын алды. Айтыстың өз деңгейінде өтуіне үлесін қосқан Жыр жебе ақындар мектебіне және оның жетекшісі Фархад Мусаевқа алғысымызды білдіреміз! Айтыс қорытындысында қатысушыларды факультет деканы Көшімова Бибатпа Әмірханқызы дипломдармен, алғыс хаттармен марапаттады.