Түркия Республикасының Бас консулы Korhan Kungeru Yessenov University «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының студенттеріне арналған «Globalization» тақырыбы бойынша лекциялар топтамасын бастады. «Жаһандану» терминінің мән-мағынасына және оның көне заманғы тарихына тоқталып өтті. Студенттер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жан-жақты мәліметтер алу мүмкіндігіне ие болды.