Тұрақты даму – іс жүзінде!

2025 жылғы 2–12 желтоқсан аралығында Есенов университетінің Үздіксіз білім беру институтында «Sustainability: An opportunity for Academics to create a better future for all» («Тұрақты даму – жарқын болашақ үшін академиялық мүмкіндіктер») тақырыбында курс өтті.

Курсты Bath Spa University (Лондон) университетінен шақырылған профессор Dr. Sheku Ahmed Fofanah жүргізді. Ол академиялық қауымдастыққа тұрақты және әділетті болашақты құруға нақты үлес қосуға мүмкіндік беретін тәжірибелік білімдер мен стратегиялармен бөлісті.

Курс бағдарламасы: ғылым мен білім саласында тұрақты дамуға арналған заманауи тәсілдер; экологиялық және әлеуметтік бастамаларды енгізуге арналған практикалық жобаларды әзірлеу; халықаралық тәжірибе мен үздік практикаларды алмасу.

Барлық қатысушылар курсты сәтті аяқтап, тұрақты даму саласындағы құзыреттіліктерін және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру қабілеттерін растайтын сертификаттар алды.