10 маусым күні Ақтау қаласына іссапармен келген түркі ақсақалдары қоғамдық бірлестігінің делегациясы Yessenov University-де болды. Делегацияның университет президенті Берік Ахметовпен кездесуі этносаралық байланысты нығайту жолдарын талқылаудың жемісті алаңына айналды.
Бірлестік төрағасы академик Судейф Имамвердиев жылы қарсы алғаны үшін шынайы ризашылығын білдіріп, ұйымның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, оның түркі халықтарын біріктірудегі рөліне тоқталды.
Кездесуге қатысушылар түркі халықтары арасындағы интеграция үдерісіне қоғамның белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Отырысқа сонымен қатар: Мұса Ғасимли – Милли Межлис депутаты, АМҒА корреспондент-мүшесі, АМА Кавказтану институтының директоры, профессор; Эйваз Гунбатов – «Түркі ақсақалдары» ҚБ төрағасының орынбасары; Маджид Гаджиев – «Түркі ақсақалдары» ҚБ Басқару кеңесінің мүшесі, Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері; Нижат Даглар – «Түркі ақсақалдары» қоғамдық ұйымының атқарушы кеңсесінің басшысы, «Миссия» медиа тобының бас редакторы; Елнұр Елтүрк – «Түркі ақсақалдары» ҚБ төрағасының орынбасары, АМА қызметкері; Эльчин Мамедов – Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының басшысы; Илкин Оруджов – Әзірбайжан орталығының директоры қатысты.
Кездесу өзара түсіністікті дамытуға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал ететін жемісті диалогтың жарқын үлгісі болды.