9 маусым күні Yessenov University-де ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» халықаралық стандарты талаптарына сәйкестікті растау мақсатында сертификациялық аудит басталды.
Аудит жұмысы барысында бас аудитор Елена Леонидовна Илларионова университет ұжымына аудиттің мақсаты, өткізілу тәртібі және аудит жоспары туралы толық ақпарат берді.