Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар және комплаенс қызметі

23 сәуір күні Yessenov University-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар және комплаенс қызметі» атты семинар өтті.

Шара оқытушылар, бөлім қызметкерлері және студенттер қатысты.
Семинар барысында университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Г.У. Джолдасбаева, «Теңіз академиясы» вице деканы А. Алдабергенов, «Менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Н.П. Тағайбековалар баяндама жасады.

Қазіргі таңда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы, университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, «Академиялық адалдық» кодексі туралы кеңінен түсіндірулер жүргізіліп, адалдық ұғымын толық түсіндіру мақсатында неймификация тәсілін қолдана отырып семинар өткізілді.

Спикерлер студент жастарды әрдайым адалдық, әділдік, ашықтық, парасаттылық және қарапайымдылық қағидаттарын ұстануға шақырды.