Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды түсіндіру

20 қыркүйек күні Yessenov University-де оқытушылар мен студенттерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан республикасының заңнамаларын түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Құспанова Х.О. семинарға қатысушыларға қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды түсіндірді. Университет комплаенс қызметінің басшысы Джолдасбаева Г.У. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі және қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттар туралы айтты.

Семинар барысында заңнамалардағы өзгерістер кеңінен таныстырылып, маңызды ақпараттар берілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.