Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі халықаралық стандартын енгізу

31 мамыр күні Yessenov University-де ISO 37001:2016 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі халықаралық стандартын енгізу бағытында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингті халықаралық эксперт, заң ғылымдарының кандидаты Қазбек Данағұлұлы Шакишев өткізді. Семинарға университет профессор-оқытушы құрамы, басқарма басшылары қатысты.

Семинар-тренинг барысында маңызды ақпараттар, университет бизнес процесстердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оның алдын алу бағытындағы методологиялық әдістемелер кеңінен талқыланып, кеңестер берілді.