SKILLFOLIO

2021 жылының 1 қарашасынан бастап Yessenov University сертификатталған тьюторлар командасы (14 адам) SKILLFOLIO цифрлық платформасы арқылы ПОҚ-ның I-легін оқытуға кірісті

Курсқа 109 тыңдаушы қатысады. “Skillfolio цифрлық платформасы арқылы заманауи педагогтың тьюторлық құзыреттілігін дамыту” курсы бойынша білімді игеру бір ай бойы жоспарланып отыр. 

Семинарларға SOFT SKILLS-тің диагностикасы мен даму серпіні: эмоциялық интеллект, командада жұмыс істеу, коммуникация, креативті, сыни, жүйелі және цифрлық ойлау, практикалық тапсырмаларды белсенді талқылау кіреді. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.