30 мамыр күні Yessenov University-де Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, инженер-гидротехник Шынабай Ақкенжеевтің атымен аталған арнайы аудитория ашылды.
Шынабай Ақкенжеев — Маңғыстау облысының су шаруашылығы мен инженерлік инфрақұрылымын дамытуда айтарлықтай үлес қосқан маман. Ол негізін қалаған ПМК-67 кәсіпорны кейін Маңғыстау облыстық су шаруашылығы құрылыс басқармасына айналып, өңірдегі су қоймалары, ауызсу жүйелері мен әлеуметтік нысандардың құрылысын жүзеге асырды.
Инженерлік қызметінен бөлек, Шынабай Ақкенжеев зейнеткерлік кезеңінде де бірқатар жобаларды сараптауға қатысып, тәжірибе алмасу бағытында жұмыс атқарды. Ол жазған «Тағдырым тоғысқан құрылыстар», «Дәуір-Дәурен», «Бел-белестер» атты еңбектері инженерлік тәжірибесі мен аймақтық дамуға арналған дереккөз ретінде қарастырылады.
Аталған кабинет инженерлік бағытта білім алушы студенттер мен жас мамандар үшін оқу-әдістемелік және танымдық орталық ретінде қызмет атқарады.