Шығармашылық емтимхан

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

шығармашылық кесте

шығармашылық

Шығармашылық емтиханды  ұйымдастыру, балдарды есептеу:

  1. Талапкерлерден 2022 жылдың 20 маусым мен 7 шілде аралығында шығармашылық емтиханға өтініштер қабылданады.
  2. Талапкерлер 2022 жылдың  8-13 шілде аралығында (бірінші және екінші) шығармашылық емтихан тапсырады.
  3. Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсуші тұлғалар «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады.
  4. Талапкер шығармашылық емтихандар өткізу барысында жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.
  5. Шығармашылық емтиханның максималды балы – 45 балл. Екі шығармашылық емтихан. Шығармашылық емтиханға түсуші талапкерлер үшін ҰБТ нәтижесі бойынша екі пәнінің балы есепке алынады: оқу сауаттылығы (қазақ немесе орыс тілінің), Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтихан.
  6. Оқу сауаттылығы (20) + Қазақстан тарихы (15) + бірінші шығармашылық емтихан (45) + екінші шығармашылық емтихан (45) = 125 (максимум балл).
  7. Шығармашылық емтихандардың нәтижелері емтиханды жүргізу күнінде жарияланады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін ағымдағы жылғы 13 шілдеге дейін және (немесе) жоо-ға ақылы оқуға қабылдау үшін                    2022 жылғы 20 тамызға дейінгі мерзімде ҰТО-ның ақпараттық жүйесіне береді.

Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, конкурсқа қатысу және (немесе) жоо-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.

  1. Талапкерлерге кеңес беру кестелері жасалады.
  2. Комиссия хатшысы талапкерлерді шығармашылық емтихандарын тапсыру тәртібімен таныстырады.
  3. Талапкерлердің шығармашылық емтихандарының білім  деңгейін бағалау барысында комиссия құрамы университеттің Ғылыми кеңесімен бекітілген Академиялық адалдық қағидаларын басшылыққа алады. 
  4. Академиялық адалдық принциптері бұзылған жағдайда білім алушыларды оқудан шығару туралы шешімді факультете құрылған тәртіптік комиссия ұсынысымен университет басшысы қабылдайды.
  5. Апелляциялық комиссиялар арнаулы немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелерімен келіспейтін адамдардың өтініштерін қарастыру үшін құрылады. 

Апелляцияға өтінішті аппеляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам жеке береді. Өтініш арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

  1. ҰБТ-дан 5 балдан төмен жинаған немесе шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер оқуға құжат тапсыра алмайды.
  2. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға болмайды.