Шетел азаматтарына арналған мемлекеттік степендиялық бағдарламаға

Yessenov University шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларына арналған мемлекеттік степендиялық бағдарламаға өтінім қабылдау мерзімі 31.05.2024 жылы аяқталатынын хабарлайды.

Степендиялық бағдарлама бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларына түсушілерге ұсынылады.
 
Конкурстық іріктеуден табысты өткен үміткерлер таңдаған Қазақстан Республикасының ЖОО қабылданады.
 
Стипендия келесілерді ҚАМТИДЫ:
таңдаған білім беру бағдарламасының толық оқу кезеңінде тегін оқуы;
студенттің академиялық табысына қарай оқудың барлық кезеңіне арналған ай сайынғы стипендия.
 
Стипендия келесілерді ҚАМТЫМАЙДЫ:
жол жүру шығындары;
тұруы;
виза, медициналық сақтандыру.
 
Толық ақпаратты Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы және Study in Kazakhstan ресми сайттарынан біле аласыздар.
 
https://studyinkazakhstan.edu.kz/public/kz/edu/scholarship
https://enic-kazakhstan.edu.kz/stipendialnye-programmy-1/operativnaya-informaciya-1