24 сәуір күні Yessenov University-де «Ғылым – Маңғыстау өңірінің тұрақты даму негізі» ғылым айлығының аясында «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Шекарасыз ғылым» студентаралық интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Университеттің әр факультетінен бір топтанқатысқан сайыс бес турдан тұрды. Әр тур студенттердің білім және таным көкжиегін кеңейтуге үлес қосатын сұрақтарды қамтыды. Тартысты өткен додада:
«Бизнес және құқық» факультеті I-ші орынды;
«Ғылым және технологиялар» факультеті II-ші орынды;
Теңіз академиясы III орынды қанжығаларына байлады.
Шекарасыз алынған сапалы білім шексіз мүмкіндіктерге жол ашатындығын тағы бір рет дәлелдеп берген бұл іс-шара қатысушылар және әділ қазылар алқасының тарапынан жоғары бағаға лайық деп танылды.