«Service learning» жобасының жетсекшісі Бисингалиева Ирина Владимировна, ҮЕҰ «Эко Маңғыстау» қала волонтерлары және белсенділері ұйымдастырылуымен Менеджмент, Есеп және аудит топтары Ақтау қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан, Қаратау таубөктерінің батыс бөлігінде, Шетпе ауылына 18 шақырым жерде орналасқан Самал шатқалына жолға шықты.
Бұл сапардың мақсаты экологияны қорғау: шатқалды демалушылардан қалған қалдықтардан тазарту, білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Науқан , «Service learning» жобасының білім алушыларын волонтерлерге қосылуға шақырған ҮЕҰ «Эко Маңғыстау» қала волонтерлері жетекшісі Кирилл Осиннің бастамасымен жүзеге асты. Бұл олар үшін 2018 жылдың күз айындағы соңғы сапары болды. Сапар барысында қатысушылардың ынтасы, олардың әлеуметтік-эконимикалық жағдайға, экологиялық мәселелерге, келешек ұрпақ үшін қоршаған ортаның саулығы мен дұрыс сақталу міндеттерін атқаруда бейжай қарамайтыны көрінді.
Білім алушылар таңғы сағат 8:00 де жолға шығып, кешкі сағат 18:00 де қалаға келді.Экологиялық саяхат қатысушыларының айтуынша мұндай іс-шараларға тікелей қатысушылық пен бірегей ат салысу әрдайым үлкен нәтиже береді.