«Scopus және Web of Science журналдарына ғылыми мақалаларды дайындау әдістері» тақырыбындағы курс

Ағымдағы жылдың 26-мамырынан Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен Университетіміздің оқытушылар құрамына, жас ғалымдарға және доктарантура студенттеріне арналған «Scopus және Web of Science журналдарына ғылыми мақалаларды дайындау әдістері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды. Бурса Ұладаг университеті (Түркия Республикасы) профессоры, PhD Эмин Атасой жүргізеді.

https://youtube.com/shorts/yKErf_2TyGE?feature=share

 

Курстың мақсаты – зерттеушілердің, оқытушылар мен докторанттардың ғылыми мақалаларын халықаралық деңгейдегі рейтингтік журналдарда (Scopus және Web of Science) жариялауға дайындау дағдыларын қалыптастыру, ғылыми мәтін жазудың академиялық стандарттарын меңгерту, журналдарды дұрыс таңдау, жарияланым процесінің негізгі талаптарын түсіндіру және сәтті жарияланымға қол жеткізуге бағытталған практикалық білім мен құралдар ұсыну.

Курс барысында қатысушылар Scopus және Web of Science дерекқорларындағы журналдарға ғылыми мақала дайындаудың негізгі талаптарын меңгереді. Олар ғылыми мақаланың құрылымы мен академиялық жазу стилінің ерекшеліктерін, ақылы және тегін журналдардың айырмашылықтарын, академиялық этика мен антиплагиат талаптарын үйренеді. Сонымен қатар, сенімді дереккөздерді таңдау, ғылыми журналдарды іздеу және дұрыс іріктеу тәсілдерін меңгереді. Қатысушылар мақала жазуда жиі кездесетін қателерден қалай аулақ болу керектігін, рецензенттердің ескертулеріне жауап берудің тиімді жолдарын, сондай-ақ жарияланым процесінің барлық кезеңдерін – мақаланы әзірлеуден бастап редакциямен байланысқа дейін – толық игереді. Курс аясында түрлі елдердегі журналдардың ерекшеліктері талданып, сәтті және сәтсіз жарияланымдардың нақты мысалдары қарастырылады. Кеңестік және батыстық ғылыми мектептердің айырмашылықтары салыстырылып, курс жүргізушісі мақаланы халықаралық стандарттарға сай бейімдеу бойынша практикалық кеңестері ұсынылады.