«Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті

5 желтоқсан күні Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне» орай 1 курс студенттері арасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті ұйымдастырылды.

 Іс-шараның мақсаты – жастар арасында адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Слетке университеттің әр факультетінен жиналған студенттік топтар қатысып, өздерінің белсенділігімен, шығармашылығымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарымен ерекшеленді.

Слет барысында қатысушыларға нақты өмірлік жағдайлар ұсынылып, әр топ заң талаптарына сай, әділ шешім қабылдау дағдыларын көрсетті, сондай ақ командалар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған өз идеяларын ұсынды. Жобалар адалдық кодексін насихаттау, цифрлық бақылау құралдарын енгізу, жастар арасында ақпараттық жұмыстарды күшейту секілді практикалық бастамаларды қамтыды.

Сайыстың соңғы кезеңінде студенттердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңын білу деңгейін анықтау мақсатында викторина ұйымдастырылды.

Сайысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М.Б. Алигулов,  «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.М. Үсіпбаев, Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Р.Н.Шайхаденов төрелік етіп әр кезең бойынша әділ бағасын беріп, үздік деп танылған топтарды жүлделі орындармен және ынталандыру сыйлықтарымен  марапаттады.

Бұл Слет студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттырып, университет ішінде адалдық пен парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға маңызды үлес қосты.