7 маусым күні Yessenov Univeristy-де «Инжиниринг» факультетінің «Экология және геология» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым Академиясының академигі, геология-минерология ғылымдарының докторы, Ұлы Отан соғысының ардагері Саламат Әмірұлы Шалабаевтың атына кабинет ашылуы салтанатты түрде өтті.
Саламат Әмірұлы Шалабаев, Ұлы Отан соғысының ардагері, мұнай геологы, ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, 1924 жылы Қарақия-үшқан ауылында дүниеге келген. Оның еңбек жолы республиканың мұнай-газ кешенінің дамуымен байланысты болды.
Саламат Әмірұлы Шалабаевтың жұмыстары Мұнай-газ кен орындарын барлау, жаңа кен орындарын ашу, оларды тиімді пайдалану бойынша көпжылдық, ғылыми-практикалық зерттеулерді қорытындылады және Маңғыстауда геологиялық-геофизикалық жұмыстар көлемін ұлғайтудың маңыздылығын дәлелдеді.