Сағындық Аяғановпен кездесу

14 мамыр күні Yessenov University-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында атап көрсетілген «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Маңғыстау облысының Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Күзембайұлы Аяғановтың университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында генерал-майор облыста жүргізіліп жатқан қылмыстық саясат, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы нақты іс-шаралар жөнінде баяндап, студенттермен ашық пікір алмасты. Сонымен қатар нашақорлық, лудомания және киберқылмыстар туралы арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара соңында университет жастары генерал-майормен бірге «Жастар саябағына» ағаш отырғызып, игі бастаманың жалғасына үлес қосты.